Shopping cart

Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы
Shape image

ЖШС «Айдын Али» бөбекжай бақшасы жаңа элиталық  Әл-Фараби  мөлтек ауданында орналасқан.Балабақша ұжымы  білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және  медбикелерден құралған.

Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан жақты дамуына толыққанды  жағдай жарату  .Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.Бағдарлама мектепке дейінгі  жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына  сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.

Балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі инновациялық технологиялар қолданылады: Монтессори элементтері, ТРИЗ технологиясы, құм терапиясы, балаларды шынықтыруда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолданылады.

Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.Жыл бойы балаларға  жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі.

Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелейміз.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

Басым бағыттары:

  • денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету;
  • балаларды қызықты ойын түрінде білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту және дамыту;
  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйымның білім сапасын арттыру;
  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілік, когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

Күтілетін нәтиже:

  • денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалардың физикалық және психикалық денсаулығы қорғала отырып салауатты өмір салты қалыптасады;
  • балаларды қызықты ойын түрінде білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту бағыты дамиды;
  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйымның білім сапасы артады;
  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілік, когнитивтік және қарым-қатынас дағдылары дамиды;

Балабақшада 16 бейне-камера бар, оның 12 іште, 4 сыртта орналасқан. Интернет жылдамдығы 10 Мб/с.

Барлық топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ескеріліп, жаңа жиһаздармен, ойын және көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген, дамытушы орталарға бөлінген. Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.

Музыка, би ic-әрекеттері сапалы жүргізуге музыка бөлмесі ұлттық накышта, аспаптармен жабдықталған.

Дене шынықтыру оқу қызметтері сапалы жүргізілуге дене тәрбие залы спорттық кұрал- жабдықтармен жабдықталған және баланың даму жағдайларына қойылатын жалпы талаптарға сай келеді. Дене шынықтыру алаңы секіруге, жүгіруге, еңбектеуге және тепе-тендік сақтауға арналған жаңа кұралдармен жабдықталып, толықтырылған.

Арнайы бөлінген даладағы алаңдарда ойын құралдары орналасқан. Барлық алаңдарда көлеңке түсіретін бастырма, ойын жабдықтары және кұммен ойнайтын орындар орналастырылған.

Балабақшаның тəрбиелеу-білім беру процесін сапалы медициналық сүйемелдеуді мейірбике және сауықтыру жөніндегі мейірбике қамтамасыз етеді.

Балабақшада балалардың баланстанған 3 реттік тамақтануы ұйымдастырылған. Барлық тағамдарды балабақшаның асханасында кəсіби аспаздар дайындайды.

Тамақтану Шымкент қаласының «Санитарлық — эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен» келісілген жəне балабақша меңгерушісімен бекітілген перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мəзіріне сəйкес жəне соның негізінде ұйымдастырылады.

Балабақшаның медициналық бөлмесі керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет көрсету сапасы жоғары дәрежеде. Мамина бақшасында тазалық- гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жаксы жолға қойылған. Күн тәртібі және балаларды тамақтану барысы үнемі сақталған. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Емдік жұмыстары медбикенің нұсқауымен жүргізіледі. Балалармен оксалин майын мұрынға жағу, нәрлеу мен жеміс- жидек шырындарын беру үнемі жүргізіліп тұрады. Жыл бойы «С» витамині тағамға қосылып беріледі. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер бepiп тұрады. Балабақша қызметкерлері үнемі уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.

Дені сау бала тəрбиелеу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін сауықтыру, күн тəртібі, қимыл белсенділігі, қимыл дағдыларын дамыту мəселелерінде ата аналарға бірыңғай талаптарды сақтауға ұсынылады.